⇒ мүлдем тегін;
⇒ кез келген телефоннан теруге болады;
⇒ тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн әрекет етеді;
⇒ сіздің шотыңызда ақша қаражаты болмаған жағдайда да жұмыс істейді;
⇒ SIM карта бқғатталған кезде де жұмыс істейді.
«112» нөміріне шұғыл жағдайларда ғана қоңырау шалыңыз. Анықтамалық ақпарат алу үшін қоңырау шалмаңыз. Балаларға «112» нөмірінің мақсатын түсіндіріңіз және оны дұрыс пайдалануды үйретіңіз.
Егер сіз «112» қызметіне қоңырау шалсаңыз:
⇒ сабырмен, анық және үрейсіз не болғанын хабарлаңыз (оқиғаның орны мен нақты мекен — жайын көрсетіңіз)
⇒ өз есіміңізді және тегіңізді, байланыс телефоныңызды айтыңыз
⇒ оператор нұсқауларын орындаңыз
⇒ 112 операторы сөйлесуді аяқтауға болады, деп айтқанға дейін тұтқаны қоймаңыз
Жалған шақыру үшін жауапкершілік ҚР Әкімшілік Кодексінің 438-бабы 1-тармағында көзделген: Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру – жеке тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.