Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан жер қойнауындағы сирек кездесетін минералдар қоры бойынша әлемдік көшбасшы елдердің қатарына кіреді.
Бұл – еліміздің экономикалық әлеуетін арттырып, өнеркәсіп пен жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға зор мүмкіндік беретін стратегиялық басымдық. Табиғи ресурстарды ұтымды әрі жауапкершілікпен игеру – ұлттық мүдде мен тұрақты дамудың маңызды кепілі.
Сонымен қатар, аталған фактор жаһандық технологиялық трансформация жағдайында еліміздің стратегиялық артықшылығын айқындайды.
Сирек минералдар – жасыл энергетика, цифрлық индустрия, қорғаныс және жоғары қосылған құны бар өндірістердің негізгі шикізат базасы. Осы ресурстарды тиімді игеру, инвестиция тарту және өңдеу секторын дамыту Қазақстан экономикасының ұзақмерзімді орнықты өсіміне серпін береді.
