Президент “Түркістан” газетіне берген сұхбатында отансүйгіштікке, патриотизмге қатысты орамды ой білдірді. Яғни Отанға қызмет етуді көздеген адам бос мақтанға бой ұрмайтынын айтты. “Нағыз отаншыл азамат жұрттың алдында кеудесін соғып көпірмейді, етегі жасқа толып еңіремейді, оңды-солды сұхбат беріп ділмәрсімейді. Отаншыл болу – туған еліңнің, отбасыңның игілігі үшін аянбай еңбек ету деген сөз. Қоқысты жинау, тал егу, табиғатты аялау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету де – отаншылдықтың белгісі” деді Мемлекет. Бұл сөздің астарында терең мағына жатыр. Қазір әлеуметтік желі күшіне мініп тұрған заманда әсіре сөйлеп, арзан абырой жинау үшін түкке тұрмайтын затты шуға айналдыратындар көбейіп тұр. Көбісінің көздегені — хайп. Мұны Президент те дәл байқады. Нағыз еңбекшіл азамат дабыра қылмай, үндемей іс қылатынын дөп басты. Міне, қазіргі біздің уақытта осындай азаматтар көпшілікке өнеге болуға тиіс.
