ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Адам баласының мінез құлқы жаратылысынан емес, өскен орта көрген үлгі, өнегесінен болады. «Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін, жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет»  деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, Қарағанды қаласындағы «Қарлығаш» деп аталатын бөбекжайдың «Аққу» ортаңғы тобындағы балалар жан-жақты жетілген тұлға ретінде тәрбиеленуде. Күнделікті оқу мен тәрбиені шығармашылықпен балаларды өз бетінше жұмыс жасатуға баулып, жетілдіру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Бөбекжайдағы тәрбие жұмысының мақсаты, өсіп келе жатқан бүлдіршін балаларды ұлттық тәрбиені бойына сіңіре білетін, туған жерін құрметтейтін, ұлы тұлғалардың өшпес ерлігін дәріптеуге тәрбиелеу. Ал, міндеті, сөйлеу, ойлау мәдениетін қалыптастыру. Салауатты өмір сүруге баулып, ұжымдық қарым-қатынасқа үйрету. Ең жауапты, ең негізгі болып табылатын тәрбиешіге отбасы мен қоғам азаматтарының тағдырын тапсырып отырғандықтан, тәрбиеші-педагогтардың еңбегі аса жоғары жауапкершілікпен сипатталады.

«Аққу» ортаңғы тобында әркез де татулық ахуалының бұзылмауын қатаң назарға аламыз. Ұжымдағы  әрбір баланы зерттеп, әрқайсысына мінездеме беріледі. Оқу тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргізу арқылы, ата-аналармен барынша жақсы байланыс жасалынады. Тәрбие сағаттары мен атаулы мерекелерге дайындық жүргізіледі. Топ жұмыстарын жоспарлау барысында тәрбие міндеттерін нақты белгілеп, балалардың жеке, жас ерекшеліктерін және олардың тәрбиелік деңгейімен өмірдің талабын ескере отырып, мадақтау шараларын да қолданамыз.

Желкілдеп өсіп келе жатқан жеткіншектерді халқымыздың ұлттық құндылықтары, салт-дәстүрлері мен мәдениетін, туған тілін, ұлттық тәрбие ерекшеліктерін білуге, құрметтеуге еңбекке, төзімділікке, шыншылдыққа үйрету біздің басты міндетіміз. Ар-ұят, үлкенді сыйлау секілді қасиеттерді үйішілік қарым-қатынастарда, тұрмыста ұрпақ зердесіне сіңіре білген бабаларымыз. Қай заманда болсын еңбексүйгіш, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу асыл парыз саналған. Әрбір халық өзінің тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдық пен әділдікке тәрбиелеген. Баланы сергек сезімді, еңбексүйгіш азамат етіп тәрбиелеу ісін оның жас ерекшеліктеріне қарай дамытқан дұрыс.

Ұлт болашағы – ұрпағында десек, болашақ қоғам адамын  ұлттық құндылықтарымыз өз елін, өз жерін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, ата-бабаның әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін бойына сіңірген, өз ойын еркін жеткізе алатын дарынды, саналы тұлғаны тәрбиелеу. Бұл жерде отбасы тәрбиесінің де атқаратын орыны ерекше. Ата-аналар рухани – өнегелі тұлға ретінде баланы бақылап, оның талантын, жетістігін көріп отыратын айна болуы керек.

Ұлттық табиғатымызға сай келетін ұлттық құндылықтарымыз, бала тәрбиесінде тәлім-тәрбиелік отбасы мен бөбекжайларда, жас ұрпақтарды өмірге дайындау жолында, тәрбиенің барлық түрлері ұштастырылып жүргізілуде.

Айнұр РАЙЫМҚҰЛҚЫЗЫ,

педагог-модератор

тәрбиеші