Салық – мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі тірегі. Уақытылы әрі әділ төленген салықтың арқасында азаматтарға сапалы қызмет көрсетіледі, жолдар мен әлеуметтік нысандар салынады, қауіпсіз әрі қолайлы өмір сүру ортасы қалыптасады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, салық – бұл тек міндет қана емес, ол қоғам игілігіне бағытталған ортақ жауапкершілік. Әр төленген теңге – ел болашағына, жаңа мүмкіндіктер мен тұрақты дамуға қосылған үлес.
Ашықтық, әділдік және өзара сенім қағидаттарына негізделген салық жүйесі – қуатты экономиканың және берекелі қоғамның кепілі.
