Президент “Түркістан” газетіне берген сұхбатында елдегі ғылымның дамуына айрықша назар аударды. Бұл салада ауыз толтырып айтарлық даму барын атап өтті. Әсіресе жастардың ғалым болуға жиі бет бұратынына қуанатынын жеткізді. “ Көптеген жастарымыз нағыз білім-ғылым жолына түсуді мақсат тұтатынына қуанамын” деді Мемлекет басшысы.
Әрине, елде ғылым саласына қамқорлық ерекше жолға қойылған. Шетелде оқуға мүмкіндік беретін түрлі бағдарламалар бар. Сонымен қатар кейінгі жылдары кәсіптік, техникалық мамандықтарға көптеп грант бөліне бастады. Бұл да елдің экономикасына қажет мамандар тапшылығын жоюға жол ашпақ.
