Мемлекет шын мәнінде тұрмысы төмен, қиын жағдайға тап болған жандарға көмектесуге тиіс. Яғни кез келген жан мемлекет қолдауына сүйеніп, масылдық пиғылмен өмір сүруден бас тартуы қажет. Президент “ Түркістан” газетіне берген сұхбатында бұл мәселеге де тоқталды. Себебі мемлекет қаржысы – халықтың ортақ қазынасы. Сондықтан ол нағыз қажет жерге жұмсалуы керек. Бұл денсаулығына байланысты еңбек ете алмайтын, көпбалалы, жалғызбасты немесе жұмыссыздық салдарынан табыссыз қалған азаматтарға көмек болады. Ал шамасы бола тұра әлеуметтік жәрдемақыны пайда көретіндердің алғаны адамгершілік тұрғысынан да дұрыс емесі белгілі.
