ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА – АЙРЫҚША ҚАМҚОРЛЫҚ

Ел Президенті “Түркістан” газетіне берген сұхбатында біздің елде әлеуметтік слаға айрқыша көңіл бөлініп отырғанын айтты. “Сырт көз – сыншы» деген сөз бар. Шетелдіктер, әсіресе, көрші мемлекеттердің тұрғындары біздің елдегі әлеуметтік қызметтің соншалықты дамығанына қызыға да, қызғана да қарайды. Соның ішінде кепілдік берілген тегін медициналық көмек және азаматтарға арналған көптеген жеңілдік бар” деді. Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет ретінде айқындаған ел. Бұл ұстаным ең алдымен азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге, олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым мен мәдениет салаларындағы мемлекеттік міндеттемелердің толық орындалуы – осы саясаттың нақты көрінісі.