5451 әскери бөлімінде КТА ойындары өтті

5451 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында Көңілді тапқырлар клубының (КТА) ойындары ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — ұжым ішінде достық қарым-қатынасты нығайту, шығармашылық қабілеттерді қолдау және әскери қызметшілердің көңіл күйін көтеру.
Іс-шара барысында қатысушылар тапқырлыққа толы жауаптарымен, әзіл-қалжыңмен өрілген көріністерімен және ерекше актерлік қабілетімен көрермендерді тәнті етті. Залда жиналған әскери қызметшілер мен қонақтар әрбір ойын сәтін ерекше ықыласпен қабылдап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Командалар мынадай құрамда өнер көрсетті:
1.Made in Ниет
2.Тәрбиелі бұзықтар
3.Қыздар емес, командамыз күшті!
Ойындар қызықты әрі тартысты өтті. Әр команда өз стилін көрсетіп, сахнада еркін өнер көрсетті. Қатысушылар әзілдерімен залды күлкіге бөле отырып, көрермендердің ыстық қошеметіне ие болды.
Шара соңында үздік өнер көрсеткен ойыншылар мен командаларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі