Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жасанды интеллект пайда болған сәттен бастап, болашаққа бет алған елдер мен ескі заманның көлеңкесінде қалған мемлекеттердің арасы айқын ажырай бастады.
Бүгін технологияны меңгеру – таңдау емес, қажеттілік.
Ал жасанды интеллектті дамыту – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын басты тетік.
Қазақстан үшін бұл – жаңа мүмкіндіктерге жол ашу,
ал қоғам үшін – білім, ғылым және экономиканың сапалы серпілісі.
Болашаққа бірге қадам басайық.
Цифрлық даму – ұлт дамуы.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев
5 қаңтар, «Turkistan» газетіне берген сұхбатынан
