Теміртаулық спортшылар, Қарағанды жүзу мектебінің тәрбиеленушісі Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина Париждегі Олимпиадаға лицензия алды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Жұп Олимпиада ойындарына 2023 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алғаннан кейін өтті. Лицензия Париждегі Олимпиада ойындарына жолдамаға жерлестеріміз Катардағы су спорты бойынша әлем чемпионатының қорытындысы бойынша ие болды.
«Командалық жарыс қорытындысы бойынша ОО-2024 квотасына АҚШ, Испания, Жапония, Италия және Канада құрамалары ие болды. Бұл нәтиже аталмыш ұжымдарға дуэттер арасындағы жарыстарда да өнер көрсетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті министрлікте.