846,4 млрд теңгенің өнімі

Қарағанды облысы экономикасының тұрақты өсімі сақталуда. Қаңтар–ақпан айларының қорытындысы бойынша өңірде 846,4 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға артқан. Сонымен қатар өңдеуші секторда да тұрақты даму үрдісі жалғасып отыр.

Есепті кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 75,4 млрд теңгені құрап, 2,1%-ға өскен.

Ауылшаруашылығы, сауда және көлік салаларында да оң динамика байқалады.