Цифрландыру мәселелері талқыланды

Қарағанды қаласының әкімдігінде мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері және мемлекеттік басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараны аша отырып, Департамент басшысының орынбасары Бахтияр Макеев Қазақстан Республикасының алдағы жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жаңа тұжырымдамасының басым бағыттарын таныстырды.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар қызметіне цифрлық құралдарды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Талқылау барысында қатысушылар көтерілген тақырыптардың маңыздылығын атап өтіп, цифрлық шешімдерді одан әрі дамыту қажеттігін, сондай-ақ, елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру процесіне азаматтық қоғамды кеңінен тартудың маңызын жеткізді.

Әділ БЕК