Қазыбек ЕШТАНАЕВ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі
Ағалаған Оралбегім жоқ бүгін,
Жібек мінез, әзіл сөзді шаттығым.
Аурухана төсегіне таңылған,
Ағасына, тілеп еді сәтті күн.
Қайғы, мұңға күңірентіп батты күн,
Көңіл жетер, білмей қойды не істерін.
Жан жарымен, балалары, немере,
Көпке дейін, жия алмады естерін.
Жүйрік еді ақпаратқа қаламы,
Өркендетпек ауыл аймақ, қаланы.
Оралбегім маңдай тері ақталған,
Журналистің жаны жайсаң, ардағы.
Жұдырықтай жүрек дүрсіл сапарда,
Қуанды ол, жүргеніне қатарда.
Неше мәрте жүрек көрді отаны,
Менен бұрын айтып еді жасыма!
Жалғандыққа ес білгеннен жаны қас,
Сыйластыққа ақ ниетті арлы дос.
Арқа белге,
Арқа елге танымал,
Оралбегім, айтқыздың+ау енді қош!
Жүректерде сақталады жыр әнің,
Қош бол бауыр,
Қош бол, мұздық қыраным !
Енді мені ағалайтын кімім бар,
Бөлісетін, тағдырымның сынағын!
Нәсір МҮСЛІМҰЛЫ
