ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ТІРЕГІ – КӘСІБИ БАСҚАРУШЫЛАР

Қазіргі кезеңде өңірлердің тұрақты дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру тиімді басқару жүйесіне тікелей байланысты. Осы орайда өңірлік кадр резерві жобасы мемлекеттік басқару саласына жаңа көзқарас әкеліп, кәсіби әрі білікті басшыларды даярлаудың маңызды алаңына айналып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жүзеге асырылып жатқан реформалардың нәтижелілігі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығы мен жауапкершілік деңгейіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

Өңірлік кадр резерві – жергілікті басқару органдары үшін перспективті мамандарды іріктеп, олардың кәсіби өсуіне жағдай жасауға бағытталған стратегиялық жоба. Оның басты мақсаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін терең түсінетін, заманауи басқару құралдарын меңгерген
және халық мүддесін басты орынға қоятын жаңа буын басшыларын қалыптастыру.

Жоба аясында үміткерлер бірнеше кезеңнен тұратын ашық әрі әділ іріктеуден өтеді. Бағалау барысында олардың кәсіби тәжірибесі, көшбасшылық қасиеттері, басқарушылық құзыреттері және стратегиялық ойлау қабілеті
жан-жақты сараланады. Мұндай тәсіл мемлекеттік қызметте жоғары нәтижеге қол жеткізе алатын мамандарды анықтауға мүмкіндік береді.

Осы жоба барысында 2024 жылы Қарағанды облысында алғаш рет Өңірлік кадр резервін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізілді. Аталған іріктеу «Қарағанды облысының кадр комиссиясы туралы ережеге» сәйкес ұйымдастырылды.

Іріктеу қорытындысы бойынша 25 үміткер Қарағанды облысының өңірлік кадр резервіне қабылданды. Бүгінгі таңда олардың 13-і, яғни 52 %-ы, тиісті жоғары лауазымдарға тағайындалып, экономика, жер қатынастары, тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және сәулет секілді әртүрлі салаларда жемісті еңбек етуде.

Бүгінде өңірлік кадр резерві мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртудағы маңызды тетіктердің біріне айналып отыр. Бұл бастама кәсіби, жауапты
және бәсекеге қабілетті басқарушыларды даярлау арқылы өңірлердің орнықты дамуына серпін бермек.

Алдағы кезеңде жобаны одан әрі жетілдіру, іріктеу рәсімдерінің ашықтығын күшейту және резервшілердің кәсіби әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады. Бұл өз кезегінде өңірлік басқару сапасын арттырып, мемлекеттік қызметтің тиімділігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Б. МАКЕЕВ,

Департамент басшысының
орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі