Қазіргі заманда технология қарқынды дамып, барлық салаларда автоматтандыру мен цифрландыру кеңінен енгізілуде. Осындай өзгерістердің негізінде кіріктірілген цифрлық басқару жүйелері (embedded systems) жатыр. Бұл жүйелер – күнделікті өміріміздегі көптеген құрылғылардың «ақыл-ойы» іспетті.
Кірістірілген цифрлық басқару жүйелері – белгілі бір құрылғының ішінде орнатылып, оның жұмысын автоматты түрде басқаратын арнайы бағдарламаланған жүйелер. Мысалы, тұрмыстық техника, автомобильдер, медициналық құрылғылар, өндірістік жабдықтар – барлығы осындай жүйелер арқылы басқарылады. Олар құрылғының тиімді, қауіпсіз және үнемді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Бұл саланың маңыздылығы күн санап артып келеді. Біріншіден, автоматтандыру өндіріс өнімділігін арттырып, адам еңбегін жеңілдетеді. Екіншіден, цифрлық жүйелер қателіктерді азайтып, қауіпсіздікті күшейтеді. Үшіншіден, «ақылды» технологиялар (smart devices) мен интернет заттары (IoT) дамыған сайын, кірістірілген жүйелерге деген сұраныс еселеп өсуде.
Құрметті талапкерлер! Егер сіз жаңа технологияларға қызығатын, бағдарламалау мен техника саласын ұнататын болсаңыз – бұл мамандық сіз үшін тамаша таңдау! Сіздерді Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне оқуға шақырамыз! Мұнда сіздер заманауи білім алып, цифрлық әлемнің сұранысқа ие маманына айналасыздар.
Қаламқас ҚАЛЫБЕКОВА,
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»
Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.к.
