17 маусым күні Атырау қаласындағы Жастар саябағында өтетін «Қазыналы Каспий» халықаралық фестивалі Каспий маңы елдерінің мәдениетін, гастрономиясын және балық шаруашылығы дәстүрлерін бір алаңда тоғыстырады.
Бағдарламада:
• Халықаралық конференция
• Балық өнімдерінің жәрмеңкесі
• Гастрономиялық фестиваль
• Аспаздар мен балықшылар байқауы
• Шабақтарды табиғи су айдындарына жіберу рәсімі
• Кемелер шеруі
• Концерттік және музыкалық бағдарлама
Каспийдің ерекше рухын сезініп, Атыраудың қонақжай атмосферасына бөленіңіз! ✨
Атырау қаласы, Жастар саябағы
17 маусым
