Кітап оқитын жастар азайды ма?

Қазақ халқында данышпан тұлғалар өте көп. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалаң» деп Абай атамыз бастап, «Мен жастарға сенемін!» деп Мағжан ағамыз қоштаған. Бұл екі тұлғаның арасында әлемге белгілі, аттары елеусіз қалған тұлғалар бар. Солардың ішінен білім мен қоғам мәселесін көтерген, ақын, ұстаз, журналист, қоғам қайраткерә Ғұмар Қараш атамызға тоқталсақ.
​ Ғұмар Қараш 1875-1921 жыл аралығында өмір сүрген.
Өлеңдерінде ұлттың болашағы, білім мен азаттық идеялары
кең көрініс тапқан. Ойға келген пікірлерім «Бала тұлпар», «Аға тұлпар» ,«Тұрымтай» атты шығармалары бар.
​ Интернет желісіне үңілетін болсақ, қазіргі жастарымыз, Мағжан Жұмабай, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жайлы да көп біле бермейді екен. Сонда біздің кітап оқитын, қазақ әдебиетіне қызығатын жастарымыз азайып жатыр ма?
​ Статистикаға сүйенсек, жалпы адамзат тарихында ең білімді, кітап оқуға қызыққан ұрпақ XX-ғасырдың соңы мен XXI-ғасырдың басы болып есептеледі. Осы кезеңде сауаттылық деңгейіміз қатты өсті. 1 800 жылдары әлемде тек 10% адам ғана әріп таныған болса, қазіргі таңда 85-95% адам сауатын ашқан. 1800-1900 жылдары мектептер ашылып бастады.
Қазіргі таңда оқу оқимын деген адамға бәрі бар керек десеңіз мектеп, қосымша сабақ беру орталығы тіпті түрлі үйірмелер бар. Өкінішке орай, оқуға қызығып, ағылып, жанып тұратын жастар аз!

Ажар ТҮСІПБАЕВА, №12 орта мектептің 11-сынып оқушысы