Ел Президенті: «Полицияда дөрекілік пен біліксіздікке жол берілмеуі керек. Мұнда жоғары дайындықпен келген және өз ісіне шынайы берілген мамандар жұмыс істеуі қажет» деген еді. Тәртіп сақшыларының кәсіби қызметі – зор жауапкершілігімен, тәуекелшілдігімен, қиындыққа төтеп беретін төзімділігімен ерекшеленеді. Жас полицейлердің жетіле түсуіне аз-кем болса да үлес қосып, әлі күнге қатардан қалмай келеміз. Өз тәжірибелік биігімізден қарап, қазіргі полиция қызметінде мынадай ұстанымдарды көргіміз келеді.
Бүгінгі замана талабы, дәуір тынысы, уақыт нақышы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын полиция қызметкерінің жаңа буынын қалыптастыру — өзекті мәселе.
Ішкі істер органдарында жүргізіліп жатқан соңғы кездегі реформалардың көздейтіні — халықтың сенімін тудыратындай полицияның имиджін, қызметкерінің жаңа бейнесін қалыптастыру.
Кәсіби маман болып қалыптасу үшін көптеген жылдар керек болады. Негізі, полиция қызметкерiнiң қоғамдағы жат, келеңсiз әрекеттерден биік тұрғанын, заңдық ұстанымы берік, мәдениетінің жоғарылығымен өзгеге өнеге көрсетiп, кәсібиліктің эталонына айналғанын қалайтынымыз жасырын емес.
Жалпы, құқықтық, демократиялық қоғамдағы заңды қорғаушы қызметкер моральдық һәм ұстанымдық жағынан өзге сала қызметшілерінен оқ бойы озық тұруы тиіс. Өйткені құқық бұзушылық орын алғанда, халықпен алдымен етене араласатын — полиицейлер.
Полицейдің шынайы имиджі қоғамда заң шеңберінен шықпайтын темірдей тәртіп пен қатаң талап болса ғана қалыптасады. Сонда ғана жамандыктың жолы қиылады. Сондықтан билік пен заң өкілі – полиция қызметкері кәсіби қызметінде немқұрайдылыққа, ұқыпсыздыққа, білімсіздікке бой алдырмауы тиіс. Адамгершілік тұрғыдан оның қателіктерге жол беруге тiптен де қақысы жоқ. Полиция қызметкерінің мінез-құлқы адамгершіліктің талабына сай болуы шарт. Өйткені, ол – Қазақстан Республикасының халқына құқықтық қызмет көрсетуші тұлға.
Сондықтан полиция қызметтерінің заманауи тәсілдерін жетілдіру үшін біз ең алдымен мынаған назар аударар едік:
Біріншіден, кадр саясатының тұрақтылығын қамтамасыз ету, бұл мәселе білікті мамандарды таңдап, іздестіруді қажет етеді. Бұл тарапта ҚР Ішкі істер министрлігі ведомтсволық оқу орындарынан басқа, еліміздің 30-дан аса жоғары заңдық білім беру орындарымен меморандум жасағаны белгілі. Қарағандыда ПД төрт ЖОО-мен келісім шартқа отырған. Осы түлектерді іріктеу жұмыстарын оң жолға қоюымыз керек.
Екіншіден, қызметкерлердің біліктіліктері мен тәртіптерінің талаптарын арттыруды ұйымдастыру. Замана ыңғайына сай, жаңаша басқару механизмін орнатудың қажеттігі бар.
Үшіншіден,полиция қызметін қоғамдық тұрғыда бақылау, оларға деген халық тарапынан сенімділік деңгейін арттыру және коғамдық тәртіпке қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесуді қамтамасыз етуге жергілікті халықты жұмылдыру бойынша шаралар қабылдау. (естеріңізге сала кетейін, полиция қызметін бағалаудың нақты өлшемдерін анықтау мақсатында 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік тәсілдерін енгізу бойынша ұсыныстар жасалғаны белгілі. Қарағандыда пилоттық жоба іске қосылды. Бұны жүзеге асыру бойынша түрлі құрылымдардың мамандары кірген топ құрылды.Олардың дені құқық қорғау органдары, прокуратура, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және жұртшылық өкілдерінен тұрады. Жоба Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қолдауымен жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат -пилоттық аумақта қауіпсіздік мәселелердіңалдын алу және мемлекеттік құрылымдар мен қоғамды тартуды көздейді. Бұл жұмыстың негізгі және басты көрсеткіші- азаматтардың сенім деңгейі көтеру.
Қазақстан Республикасы Президентінің № 674 Жарлығы бойынша 2021 жылғы 15 қазандағы бекітілген«Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының» «Құқық қорғау мен сот жүйелерін және құқық қорғау институттарын дамытудың негізгі бағыттары» аталатын 5-бөлімінде: «Құқық қорғау органдары мен олардың қызметкерлері қызметінің тиімділігінің өзгермейтін түйінді өлшемшарты халықтың сенім дәрежесі болып табылады. Көрсетілген өлшемшартты тұрақты, үздіксіз арттыру үшін олардың қызметін оның салдарымен күресуден және ведомстволық көрсеткіштерге қол жеткізуден құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оның ішінде халықтың сенімі мен құрметіне ие қызметкерлерді мансаптық ілгерілету арқылы ауыстыра отырып, трансформациялауды жалғастыру қажет» делінеді.
Қабылданған шараларға қарамастан, тұрғындар тарапынан құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді бірігіп шешу үшін азаматтарды жұмылдыруда тиісті деңгейге қол жеткізе алмай отырғанымызды атап өткен жөн. Сол себепті де өңірімізде полицияның қызметін сервистік модельге көшіру тиімді және жақсы нәтижесін береді деген сеніммен пилоттық жоба іске асуда.
Төртіншіден, полицияға инновациялық цифрлық технологияларды қолдану. Құқықтық кеңістікті цифрландыру дәуірінде полиция органдарыда қатардан қалмай уақытпен бірге жүру тиіс. полицияға инновациялық цифрлық технологияларды енгізу және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет.Әрі осындай технологияларды қолдану арқылы азаматтарды әлеуметтік қауіпті әрекеттер жасаудан, құқық бұзушылықтан алдын ала сақтауды реттейтін механизм орнату қажет.Бөлім қызметкерлері жедел әрекет ету мақсатында қызмет көрсетілетін аумақта құық бұзушылық жасау қаупі бар тұрғындарды, әрі қоғамдық белсенділерді WhatsApp чаттарында тіркеген дұрыс. Ал бұл әрекеттер, жұмыстың сапалы орындалуына, жедел әрекет етуге, құқық бұзушылықтардың алдын-алуға тиімді болары сөзсіз.
Бесіншіден, азаматтардың өтінішіне полиция қызметкерінің коммуникативтік (байланыс орната алу) жауабы, қарым-қатынасы.Коммуникациялық қарым-қатынасқа жету үшін, әрбір бөлім қызметкері үнемі білімін шыңдап, заңдарды жетік біліп, біліктілікті арттыру курстарынан өтіп отыруы қажет. Сонда біз полицияның қызметінжетілдіругеталап тетіндей қол жеткізе аламыз.
Алтыншыдан,полиция қызметкерлеріне психологиялық және моральдық қолайлы жұмыс ахуалын жасау, бұндай жерде жұмыс жасап жатқан қызметкерге көмек сұрауға келген азаматтар жағымды атмосфераны сезінеді және қызметкер мен азамат арасында сенімді диолог құрылады, бұл өте маңызды.
Жетіншіден,полиция жазалаушы құрылым емес, күнделікті тәулік бойғы қызмет көрсету қызметіне айналдыру қажет болады. Осыған орай қазіргі кездегі талаптарға сәйкес жергілікті халықтың полициямен қарым-қатынас стандартын орнату, полиция қызметінің жұмыстарын жақсарту және жаңа технология алгоритмдерін енгізу мәселесін қолға алу керек болады. Алдын алу жұмысы жастар саясатын іске асыру аясында жүргізілуі (волонтерларды пайдаланып) тиіс деп білеміз.
Соның ішінде нақты аумақта тұратын тұрғындардың пікірін ескере отырып, мәселелерді шешуге басымдық беру, сондай-ақ азаматтардың полицияға қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен бағытталған проактивті жұмысты ұйымдастыру қажет. Бұл жерде мынаны ескерткіміз келеді, бірде-бір салалық жүйе өзінен-өзі бөлек қызмет жасамайды және дамымайды. Ол әрдайым басқа жүйелермен көптеген қатынастар арқылы байланысты.
Қорытындылай келе,халықпен пәрменді кері байланысты қамтамасыз ететін полиция қызметі сапасының аудиті жүйесін олардың жұмысының тиімділігін бағалау тұрғысынан қайта қарау (полиция қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды төмендету, олардың жұмысы туралы оң пікірлерді ұлғайту, жұмыс сапасын бағалау, халық тарапынан сенімнің жоғары деңгейін қамтамасыз ету және т.б.) талап етіледі. Мұндай аудиттің нәтижелері қызметкерлерді көтермелеу және оларды жоғары лауазымдарға ұсыну мәселелеріне нақты әсер етуі керек. Бұл мәселелердің шешілуі алдағы уақыттың еншісінде.
Елеужан Серімов, з.ғ.к.,
отставкадағы полиция полковнигі
Гүлмира Имажанова п.ғ.к.,
отставкадағы полиция полковнигі
Қазақстан республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкерлері
