Аға прапорщик Хамзаев Манатбек Қайырбекұлы мемлекеттік наградамен марапатталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, аға прапорщик Хамзаев Манатбек Қайырбекұлы «Жауынгерлік ерлігі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды.

Манатбек Қайырбекұлы әскери қызмет жолын 1994 жылы бастап, бүгінгі күнге дейін Отан қорғау ісіне адал қызмет етіп келеді. 32 жылға жуық уақыт ішінде ол жоғары кәсібилігімен, жауапкершілігімен және әскери борышына деген беріктігімен ерекшеленіп, әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігін нығайтуға елеулі үлес қосты.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» мемлекеттік наградасы – оның көпжылдық мінсіз қызметі мен Отан алдындағы адал еңбегінің жоғары бағалануының айқын дәлелі.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі