МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Департамент қызметкерлері Е.Рысқұлбек және Р.Нурутдинова Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушыларға Әдеп кодексінің талаптары түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілердің мінсіз беделін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу барысында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиісті ұсынымдар жеткізілді.