«Бойыңа ән боп қонған бұла арманың»

әнші Ержан Базарбековке

Жүруші ең ізгі ниет ойлап інім,

Көзіме көрінбеген бойда мінің.

Ән салдың әуелетіп, Сарыарқада,

Сенде бір сұңқарысың Сайдалының!

 

Сөз бастап шаршы топта арындадың,

Тура айтып, теріс сөзге бағынбадың.

Елуде бүршік жарған емендей боп,

Бұл күнде бар қазаққа бағың мәлім!

 

Еркелеп, өктем сөйлеп асқақтаған,

Өзіңдей жігіттермен асқақ ғалам!

Әніңнің әсерінен қуат алып,

Марқайып менде бір сәт бос жатпағам!

 

Бойыңа ән боп қонған бұла арманың,

Меніңде ән өнерге құмар жаным.

Жұлдызың мәрелерде жанған кезде,

Тіл көзден сақтағай деп тұмарладым!

 

Әніне Иман Жүсіп басқан кезде,

Дауысың алты қырдан асқан кезде,

Қиқулап қалың елің риза болған,

Күн күліп, жадыраған аспан лезде!

 

Ән маржан көкірегіңде өрілеме,

Күміс үн көмейіңнен төгілеме,

Елудің белесінен бір қарашы,

Төменде Жүмкен ағаң көрінеме?!

 

Жүмкен КӘРІМҰЛЫ,

Қарағанды қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *