Референдум – жалпыұлттық диалог – демократияланудың көрінісі

 

Соңғы уақытта ең қызу талқыланып жатқан тақырыптардың бірі – АЭС болып тұр. Бұл туралы екіұдай пікірлер айтылуда. Кейінің дені мынаған саяды: «Энергия тапшылығы қаупі ойдан шығарылған нәрсе емес. Қыстың қамын жаз ойлап, бүгіннен бастап іске кірісіп, балама энергия көздерін іздей берген дұрыс. Әйтпесе қашанғы ТЭЦ-тар мен Қырғызстан мен Ресейдің энергиясына тәуелді болып отырамыз». Бұған қарсы екінші біреулер: «Апат болса қайтеміз, қауіпсіздігіне кепілдік бар ма?» деген сияқты тәуекелдер туралы уәж айтады. Олардың да сөзінің салмағы бар.

Ел Президенті ҚЖ. Тоқаев күні кеше «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын» деді. Осы тұста референдум мәселесі туралы бір ауыз сөз айту керегін сезініп тұрмын. Өйткені референдум өткізудің өзі қоғамның демократиялық тұрғыда дамуының бірден бір кепілі емес пе. Еліміздің басты заңы – Конституцияда бұған да орын берілген. Референдум туралы еліміздің басты заң не дейді? Осыған көз жүртелік.

Әрбір адамның елімізде мемлекеттің жалпы істерді басқаруда өзіндік үлес-салмағы бар. Мемлекетіміздің демократиялық бастауы сөйдейді. Конституцияның 33-бабының 1-тармағында құқық халық ретінде ұғынылатын саяси ұйымдасқан азаматтардың тобына емес, әрбір азаматқа тән екендігін бекітіп берді. Өйткені халық басқаруға қатыспайды, биліктің субъектісі ретінде билікті жүзеге асырады (Конституцияның 3-бабы). Бұл тікелей де, өкілеттер арқылы да әртүрлі нысанда іске асуы мүмкін. Тікелей нысаны — азаматтардың референдумға қатысуы, сондай-ақ олардың мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзін басқару органдарына сайлану құқығын жүзеге асыру болып табылады.

Референдум туралы қолданыстағы заңнама азаматтардың аталған құқықтарын жүзеге асыруға кепілдіктерді кеңінен қамтамасыз етеді. Референдум жалпылай тең әрі жасырын дауыс беру барысында тікелей ерікті негізде өткізіледі.

Референдумдағы қазақстандық азаматтардың құқықтарын жүзеге асырудың қағидаттары мен тәртібін анықтайтын ережелер конституциялық нормалар болып табылады, олардың бекітетіні:

— негізгі басты қағидаттың бірі мемлекетттік маңызы бар мәселелерді демократиялық әдістермен шешу болып табылады, оған республикалық референдум осы бөлікке жатады;

— халық билікті республикалық референдум және таңдау еркіндігі арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдарға жүктейді;

— республика азаматтарының республикалық референдумға қатысу құқығы бар;

— Президент республикалық референдум өткізуге шешім қабылдайды;

— Парламент республикалық референдум өткізуді белгілеуде белсенділік танытады;

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар Республика Президентінің өзі қалаған шешімі, Парламент не Үкімет ұсынысы бойынша енгізіледі.

«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға сәйкес, референдумның көздейтін мәні: Конституцияны, конституциялық заңдарды, «кәдіпкі, қатардағы» заңдарды қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу; мемлекеттік тұрғыдағы маңызды мәселелерді шешу болып табылады.

Референдум өткізілмейтін мәселелер аясы шектеулі. Референдум тақырыбына айналмайтыны: адам мен азаматтың конституицялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға әкеп соғатын мәселелер; мемлекеттің зайырлылығын және аумағының біртұтастығын, Республиканың басқару нысанын; Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымын және шекарасын; сот төрелігін, қорғанысты, ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қорғауды; бюджеттік және салық саясатын; амнистия мен рақымшылық жасауды; Президент, Парламент Палаталары мен Республика Үкіметінің құзырына жататын лауазымдарға тағайындау, лауазым тұлғаларын босату; Республиканың халықаралық келісім шарттарында міндеттерін орындауды өзгерту.

Қазіргі күні республикалық референдум тағайындау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне берілген. Сонымен бірге референдум өткізуді белгілеу белсенділігі мемлекет Басшысына ғана емес, сондай-ақ Парламентке, Үкіметке де, сондай-ақ барлық облыстар мен республикалық мәні бар қалалардың санына байланысты республикалық референдумға қатысуға құқығы бар саны екі мыңнан асатын адамдарға тиесілі.

Азаматтарға референдум өткізу барысында, өткізуді дайындаудың барлық сатыларына, дауыс беру, берілген дауыстарды санау кездеріне белсенді қатысуға барлық мүмкіндіктер берілген.

Референдумға шығарылған АЭС салу төңірегінде де осы ұстанымдар сақталуы керек деп білемін.

 

Жасқанат Айтжанов,

Заң ғылымдарының магистрі, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының аға оқытушысы, полиция капитаны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *