Ағымдағы жылдың 19-25 қыркүйек аралығында еліміздің батыс өңіріңде орналасқан Атырау қаласында еркін күрестен “Кубок нефтянной столицы” атты халықаралық жарыс өткізілген болатын. Ұйымдастырылған бұл сайыствң негізгі мақсаты, спортшылардың дайындықтарын тексеру мен қатар елдер арасындағы достық қарым қатынасты нығайту болып табылды.Аталмыш сайысқа Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Болгария елдерінен келген 80 ге жуық спортшы қатысты. Сондай-ақ, аталмыш спорттық додада Ұлттық ұланның “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5516 әскери бөлімінің қызметкері қатардағы жауынгер Адиль Оспановта өз бағын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша ұландық жауынгер, үздік үштіктен көрініп, жүлделі үшінші орынды иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған спортшыларға арнайы сыйлықтар, белбеулер және медальдар мен грамоталар берілді.
ҚР ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі