Облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Тіл қазына» әлеуметтік жобасы аясында «Үлгілі отбасы» байқауын өткізеді. Оған аймақ аумағында тұратын отбасылар қатыса алады.
Отбасы кем дегенде бес адамнан тұруы керек: атасы немесе әжесі, әкесі мен анасы және екі баласы.
Байқау екі кезеңнен тұрады – іріктеу және қорытынды.
Іріктеу 10 қазанға дейін жалғасады. Конкурсқа қатысатын командалар өтініммен бірге портфолиосын til-qazyna@mail.ru электрондық мекенжайға жіберуі қажет. Үміткерлер іріктеу кезінде жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетіп, ұзақтығы екі минуттан аспайтын бейнепрезентация дайындауы тиіс.
Іріктеуден өткендер 18 қазанда соңғы турға қатысады. Ол үш кезеңнен тұрады:
- «Танысу». Отбасы қазақтың дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын насихаттай отырып, өзін таныстырады. Барлық отбасы мүшелерінің қатысуы құпталады. Әр команданың өз отбасын таныстыруға 2 минуты болады.
Қазылар алқасы бірден баға береді.
- «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» бірнеше тапсырмадан тұрады: «Аталар байқауы», «Әжелер байқауы», «Әкелер байқауы», «Келіндер байқауы» және «Балалар байқауы». Қатысушылар қазақ дәстүрлері, қолөнері, әдет-ғұрыптары және т.б. туралы сұрақтарға жауап береді.
- Марапаттау. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
– Бас жүлде – 1 000 000 теңге;
– 1 орын – 700 000 теңге;
– 2-ші – 500 000 теңге;
– 3-ші – 300 000 теңге;
– көтермелеу сыйақысы – 100 000 теңге.
Байқау туралы толығырақ мына телефондар арқылы білуге болады: 8-701-953-09-37 (WhatsApp), 8-708-704-99-75.