Қарағанды облысында қоғамдық көлікті жаңарту жалғасуда. №100 маршрутқа (Қарағанды – Теміртау) «ПАЗ Вектор» маркалы төрт жаңа автобус шықты.
№100 автобус Майқұдық және Пришахтинскіні Теміртаумен байланыстырады. Осыған дейін тасымалдаушыларға қатысты туындаған проблемаларға байланысты маршрут бірнеше рет жұмысын тоқтатқан еді. Қарағандылықтар бір автобустан екіншісіне ауысып жүруге және жолға көп уақыт жұмсауға мәжбүр болды. Тұрғындар облыс әкімімен кездесуде бірнеше рет маршрутты қайтаруды сұрады.
«Тұрғындардың көптеген өтінішіне байланысты өткен жылдың тамыз айында №100 (Қарағанды (14 ш/а) – Теміртау) маршрутының жұмысы қалпына келтірілді. Автобустардың жалпы саны – 8. Биыл 23 қыркүйекте №100 маршрут бойынша «Қала көл» ЖШС кәсіпорны желіге «ПАЗ Вектор» маркалы төрт жаңа автобус шығарды. Осылайша, маршрутқа тартылған автобустардың 50% жаңартылды», – деп хабарлайды облыстық автомобиль көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.
Автобустар өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы лизингке алынды. Біреуінің жалпы сыйымдылығы – 76 адам.
Жаңа көлік пандустармен және арбаларды бекітуге арналған арнайы орындармен жабдықталған.