2025 жылғы 14-15 маусым күндері Тараз қаласында дзюдо күресінен шеберлер арасында республикалық турнир өтті. Бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Аталған жарыста Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің 8-атқыштар ротасының қатардағы жауынгері Қонуров Ержан Қайыржанович ерекше көзге түсті. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп, І орын иеленді. Сонымен қатар, 66 келіге дейінгі салмақ санатында да күреске түсіп, тек ақтық бәсекеде қарсыласына есе беріп ІІ орынға жайғасты.
Ержанның бұл жетістігі – оның тек жеке спорттық шеберлігінің ғана емес, сонымен қатар әскери бөлімдегі тәртіп пен үздіксіз дайындықтың нәтижесі. Ұлттық ұлан қатарындағы жауынгерлер тек әскери дайындықпен шектеліп қалмай, спортта да жоғары нәтиже көрсетіп жүргенінің жарқын дәлелі.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі