Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерін аралады

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков жұмыс сапары аясында «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5516 (Теміртау қ.), 6505 және 5451 (Қарағанды қ.) әскери бөлімдерінде болды.

⚠️Сапар барысында Бас қолбасшы әскери қызметшілердің қызмет өткеру жағдайларына, тәртіптің сақталуына, күнделікті қызмет пен жауынгерлік даярлықтың ұйымдастырылуына мән берді. Сондай-ақ материалдық-техникалық жарақтандырылуына және тұрмыстық инфрақұрылымның деңгейіне ерекше назар аударды. Ол әскери қызмет сапасы тікелей жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалы мен олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына байланысты екенін айтты.

Әрбір әскери бөлімде ұландықтардың толыққанды тамақтануын ұйымдастыру мен медициналық қамту мәселелері қаралды.

Сонымен қатар «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штабында жауынгерлік әзірліктің жай-күйі, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл және қызмет тиімділігін арттыру бағытындағы түйткілдер талқыланды.

Жұмыс сапары соңында генерал-майор Аңсаған Балтабеков әскери қызметшілерге адал еңбектері үшін алғыс айтып, табыс тіледі. Ол Ұлттық ұланның елдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылықты нығайту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыратынын атап өтті.

Видеоролик: https://disk.yandex.ru/d/WlJ-bIem5LxLMQ

Фото: https://disk.yandex.ru/d/lPf2T3eiv8Ti8g
Видеоряд: https://disk.yandex.ru/d/j4ZMod9pP70TcQ

ҚР ІІМ ҰҰ Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *