Полиция қызметкерлері марапатталды

Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін күнделікті жұмыс атқаратын тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілді. Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен ведомстволық наградалар табыс етілді.

– Сіздер – құқықтық тәртіптің тірегі және біздің қауіпсіздігіміздің кепілісізсіздер. Сіздердің жанкешті жұмыстарыңыздың арқасында өңірде тұрақты жағдай сақталуда. Біз ауыр қылмыстардың азаюын, ұрлықтың жедел ашылуын және есірткінің заңсыз айналымына қарсы нәтижелі күресті көріп отырмыз. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының алқа отырысында жаһандық тұрақсыздық жағдайында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңды мүлтіксіз сақтау – әсіресе маңызды міндет екенін атап өтті. Бұл сөздер сіздердің мамандықтарыңыздың мәнін көрсетеді. Адамдар полицейлерден адалдық пен жауапкершілік күтеді. Сіздер бұл сенімді ақтайсыздар, – деп атап өтті аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев құттықтау сөзінде.

Ол ішкі істер органдарының ардагерлеріне тәлімгерлік еткені және жас полицейлерді патриоттыққа тәрбиелеуге қатысқаны үшін ерекше алғысын білдірді.

Қызметтік міндетін атқарып, өз өмірін құрбан еткендердің туыстары мен жақындары да назардан тыс қалған жоқ. Полиция батырларын ата-аналары, жесірлері мен әкесінен айырылған балалары еске алады, құрметтейді және оларға қамқорлық жасау жалғасады.

Облыс әкімі ІІО ардагерлері мен жұмыс істеп жүрген қызметкерлерге құрмет грамоталарын тапсырды. Марапатталғандардың арасында жедел уәкілдер, патрульдік қызмет инспекторлары мен учаскелік инспекторлар бар.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұлов ІІМ министрі атынан наградалар тапсырды.

Салтанатты жиналыс мерекелік концертпен жалғасты. Әріптестеріне полицейлердің өздері де өз шығармашылықтарын сыйлады. Қуаныш Медеубаев пен Айжамал Айтжанованың дуэті көп жылдан бері танымал. Олардың Қазақстан полициясына арналған жаңа туындысын «Сарыарқа» вокалдық тобы орындады. Сондай-ақ, қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *