Ғасыр адамы ұлықталды

Ғұлама ғалым, «ХХ ғасырдың көрнекті адамы», тіл жанашыры Темірғали Әбілдаұлы Көкетайға (1938-2024) арналған Н.Гоголь атындағы облыстық кітапханада «Ұлт құндылықтарын сақтау және насихаттау» орталығының ашылу салтанаты өтті.

Шараны ұйымдастырушы  Qazaq club-тың жетекшісі Нұржан Сұршаұлы. Кеш барысында академик Темірғали Көкетай туралы қысқаша бейнесюжет көрсетілді. Орталықтың ашылу рәсімі бойынша қызыл лента қиылды. Лентаны академиктің жұбайы Майра апай мен тарихшы ғалым, рухани інісі Темірғали Аршабеков кесті.

Ғалым адамның кешегі күні айтқан өзекті өткір ойы да әлі жанымызда жаңғырып тұр: «Ғалым ретінде айтарым, еліміз қуатты мемлекет болсын десек, ең алдымен білім, ғылымға деген көзқарас өзгеруі керек. Білім, ғылымсыз қандай ақша, байлық болса да өреміз өскен өркениетті ел бола алмаймыз».

Саналы ғұмырында рухани құндылықтарды дәріптеп өткен Тем-ағамыздың атындағы Орталықтың ұлттық құндылықтарды ұрпақтарға насихаттау ісі баянын таба берсін деп шырайлы шапағаты мол кеште өз тілегімізді бүкпесіз білдірдік. Өйткені оның елге ғұмыры үлгілі болды. Сыйынғанынан сүйенгені мықты болды. Сүйенгені тек қана – ғылым мен білім, ары мен ұяты. Осы төрт негіз академиктің екінші өмірін жаңғыртып отыр. Бүгінгі шара соның жарқын куәсі.

Елеужан СЕРІМОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *