Ұлттық ұлан сарбазы әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

1–3 тамыз күндері Сингапурде жағажай самбосы бойынша өткен V әлем чемпионаты болып өтті. Аталмыш жарысқа 20 елден келген ең мықты спортшылар қатысты. Бұл беделді халықаралық турнирде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылғына қарасты 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, қатардағы Болат Сапар еліміздің намысын абыроймен қорғап, қола жүлдеге ие алды.

– Қазақстан мен Ұлттық ұланның атынан халықаралық деңгейде өнер көрсету — мен үшін үлкен мәртебе. Бұл сыннан сүрінбей өтіп, еліміздің қоржынына қола медаль салғаныма қуаныштымын. Бұл жүлде – тек менің жеке жеңісім емес, бұл командирлерімнің, тәлімгерлерімнің, сарбаз достарым мен отбасымның қолдауы бар. Біз, әскери қызметшілер, тек сапта ғана емес, сонымен қатар спорт алаңында да жеңе алатынымызды дәлелдей алдық, – дейді қатардағы Болат Сапар.

Болат Сапардың бұл жетістігі – тек жеке жеңіс емес, сонымен қатар Ұлттық ұлан сарбаздарына үлгі боларлық батылдықтың, табандылықтың және спорттық рухтың айқын көрінісі.

Әскери бөлімнің басшылығы мен қызметтестері спортшы сарбазды лайықты марапатымен құттықтап, халықаралық жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектестігін білдірді.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *