Қарағанды облыстық көркемөнер мұражайында «Шахтер күнделігі» атты көрме ашылды. Экспозицияда шахтерлерге арналған 80-нен астам сурет пен мүсін қойылған.
Барлық туынды мұражай қорынан алынған. Ең көне шығармалардың бірі – Вениамин Шамшиннің 1950 жылдары салынған картиналары. Сондай-ақ көрмеде заманауи Алматы суретшісі Георгий Макаровтың туындылары да ұсынылған.
– Экспозициядағы ең мәнді туындыларды таңдау қиын. Барлығы өзекті, барлығы Қарағанды мен шахтерлерге арналады. Көптеген шығармалар қарағандылық авторлардың еңбегі болса, Қазақстанның басқа қалаларынан келген суретшілердің жұмыстары да бар. Әрине, көрмеде Сейтмахан Қалмахановтың «Аппақ Байжанов» атты белгілі картинасы да қойылған, – дейді Қарағанды облыстық көркемөнер мұражайының директоры Бибігүл Құдабаева.
Сонымен қатар көрмеде Анатолий Билык пен Алексей Цойдың мүсіндері де экспозицияланған.
Көрмеге барлық ниет білдірушіні шақырады. Ол 31 тамызға дейін жалғасады.
Мұражай мекенжайы: Бұқар жырау даңғылы, 76. Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін – 10:00-18:00, демалыс күндері – 10:00-17:00.
Өмір БАЙБОСЫН