МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қайсар Акбаров Қарағанды бойынша көліктік бақылау инспекциясының мемлекеттік қызметкерлерімен әдеп нормаларын сақтау, құмар ойындарға қатыспау, қызметтік шектеулерді сақтау, сондай-ақ, әлеуметтік кепілдіктер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Әдеп кодексінің негізгі талаптары түсіндіріліп, қызметтік әдепті сақтау – қоғам сенімінің негізі екені атап өтілді.
Мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуына қатаң тыйым салынатыны және мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді.
Қызметтік мүдделер мен жеке мүдделер арасындағы қақтығыстарды болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шаралары талқыланды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің еңбек жағдайы, әлеуметтік кепілдіктері мен құқықтары туралы ақпарат берілді.
Мұндай шаралар мемлекеттік қызметкерлер арасында заңдылықты нығайтып, адал қызмет етуге ынталандырады.
Әділ БЕК