«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің» түлектеріне сертификаттар табысталды

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті  жастарды мемлекеттік қызметке кәсіби тұрғыда бейімдеуді мақсат еткен «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасының түлектеріне сертификаттар табыстады.

Аталған жоба жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, біліктілігін, шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің мәні мен мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Шара барысында Департамент  басшысының орынбасары Бахтияр Макеев жас түлектерге мемлекеттік қызметтің қоғам үшін маңыздылығын ерекше атап өтіп, оларды ел игілігіне адал қызмет етуге шақырды.

Сонымен қатар, жастарға табыс тілей отырып, сапалы білім алудың, мамандықты дұрыс таңдаудың және қоғамда өз орнын табудың мемлекет болашағы үшін аса маңызды екендігін жеткізді.

Айта кету керек, бүгінде жобаның бірқатар қатысушылары мемлекеттік қызметке табысты қадам жасап, еңбек етіп жүр. Ал қалған түлектер бұл бағытта дайындық жұмыстарын жалғастыруда.

Әділ БЕК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *