Жанкүйер күткен жеңіс

Қаламыздың намысын қорғайтын «Шахтер» футбол клубы Бірінші лигадағы кезекті кездесуінде Өскеменнің Алтай командасымен жасыл алаңға шықты. Ойын жанкүйер күткендей тартысты өтіп, жерлестеріміз өз алаңында жеңіске жетті.

Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ командалар бір-біріне шабуыл жасап, қарқынды ойын көрсетті. Алайда 8-минутта «Алтай» ойыншысы Сергей Хижниченко қарсы шабуылда нәтижелі соққы жасап, қонақтар алға шықты. Есеп – 0:1. Бұл сәт «Шахтер» ойыншыларына қосымша мотивация беріп, тактикалық ойын өрнегін көрсете бастады.

Алғашқы таймның орта шенінде ойын қыза түсті. 34-минутта «Шахтер» шабуылшысы Сұлтан Шымырханға сары қағаз алып көрсетілді.  Ал 42-минутта Дәулет Зайнетдинов Арман Нүсіптің әдемі пасын тиімді пайдаланып, есепті теңестірді.

Екінші таймда алаң иелері басымдық танытып бастағанымен, ойын сәт сайын шиеленіске толы болды. Екі команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, көрермендердің көңілінен шықты. Сонымен жанкүйерлер ұзақ күтпестен матчтағы үшінші гол да салынды.  88-минутта Сұлтан Шымырхан өзінің шеберлігін тағы бір рет дәлелдеп, Максим Галкиннің пасынан кейін жеңіс голын соқты – 2:1.

Бұл жеңіс «Шахтер» клубы үшін өте маңызды болды. Біріншіден, команда өз жанкүйерлерінің алдында мінез көрсетті. Екіншіден, турнирлік кестедегі ұпай қорын толықтырды. Маусым соңындағы шешуші ойындарға қарай бұл жеңіс психологиялық және спорттық тұрғыдан үлкен серпін бермек.

Қарағанды футболшылары матч соңында жанкүйерлеріне барып, жеңісті бірге атап өтті. Команданың рухы көтеріліп, алдағы кездесулерде сенімді ойын көрсетуге дайын екенін байқатты.

Ералы ҒАНИ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *