Қарағандыда елдік рух пен ұлттық ұстанымның қайнар көзі – қазақ эпосын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауы өтеді.
Байқау Қарағанды облысында 6-10 сынып оқушылары арасында өтеді. Байқауға қатысушылар «Бөгенбай батыр» жырын (Тастыбай Жағыпарұлы нұсқасы) жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, географиялық жер-су атауларын ажыратып, жас ерекшеліктеріне сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді.
Байқау өскелең ұрпақты халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу мақсатында AMANAT партиясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Ұйымдастыру комитеті – «AMANAT MEDIA GROUP» Холдингі мен жергілікті атқарушы органдар (Тілдерді дамыту және Білім басқармасы).
Жобаны қолдаушылар – AMANAT партиясы, Қарағанды облысының әкімдігі.
Байқау 2 кезеңнен тұрады:
І кезең – аудандық/қалалық;
ІІ кезең – облыстық.
Байқаудың аудандық/қалалық кезеңінде 1, 2, 3 орын алған жеңімпаздар дайындаған мұғалімдерімен бірге облыстық кезеңге жолдама алады.
Жеңімпаз оқушылар ақшалай сыйақымен марапатталады:
І орын – 150 000 (жүз елу мың) теңге.
Байқаудың облыстық кезеңінде жеңімпаз атанғандарға төмендегідей ақшалай жүлде қоры бекітілді:
Оқушылар үшін:
І орын (біреу) – 1 000 000 (бір миллион) теңге және демеуші тарапынан Қарағандыдағы жоғары оқу орнының біріне грант.
Ұстаздар үшін:
І орын (біреу) – 1 000 000 (бір миллион) теңге және демеуші тарапынан жеңіл автокөлік.
Байқау ережесінің толық нұсқасы qazaqepos.com сайтында жарияланды.
Байланыс телефондары: 8-778-283-16-01 (WhatsApp), 8/7172/24-95-45, e-mail: qazaqepos2025@mail.ru.