Қарағанды облысында ұйқылы жүргізушілерге қарсы рейд өткізілді

Қарағанды облысының полицейлері республикалық маңызы бар автожолдарда рейд ұйымдастырып, ұзақ жол жүрген, шаршаған әрі ұйқылы жүргізушілерді тоқтатты.

Мұндай жағдайда көлік жүргізушілеріне әрі қарай жүруге рұқсат берілмей, міндетті түрде демалуға кеңес берілді.

Статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері облыста 482 ЖКО тіркеліп, 96 адам қаза тапқан, оның 50-ден астамы жүргізушілердің ұйықтап кетуінен болған.

️ Патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов:

– Шаршаған жүргізушіні уақытында тоқтату – адам өмірін сақтап қалудың ең тиімді жолдарының бірі.

Рейд кезінде Қарағанды–Балқаш трассасында 15 көлік тоқтатылып, жүргізушілерге уақытша жолға шығуға тыйым салынды.

Шетелдік жүргізушілер де бастаманы қолдап, полицейлерге алғысын білдірді.

Полиция алдағы уақытта облыс прокуратурасымен бірлесіп, жаңа жүйе енгізбек. Ол бойынша 8 сағаттан артық жол жүрген жүргізушілердің деректері автоматты түрде полиция планшеттеріне түседі. Уақытынан артық жүргендер демалғанға дейін жолға шығарылмайды.

Қарағанды облысы Полиция департаменті барлық жүргізушілерді:

✅ ұзақ жолда міндетті түрде демалуға,

✅ жол ережесін сақтауға,

✅ өз өмірі мен жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

#Заңментәртіп #ЖолҚауіпсіздігі #ҰйқылыЖүргізуші

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *