«Жақсы аты қалған ер адам өлмейді» (С.Сарайи) демекші, Амангелді Ахметұлы нар тұлғалы, білікті, өнегелі,бірегей азамат еді. Үлкенді үлкендей, кішіні кішідей сыйлай білетін жаны жайсаң, жүрегі кең адам болды. Ол кісі жөнінде қандай мақтау, теңеу айтса да лайықты жан.
Амангелді Ахметұлы ғылым жолындағы да, жоғары оқу орындарында да елеулі еңбек етіп қаншама шәкірт дайындады.
1970 жылы Қарағанды Педагогика институтының спорт факультеті негізінде Қарағанды дене шынықтыру педагогика институты құрылған кезден бастап Амангелді Ахметұлы аталған оқу орнының дамуына үлес қосып, еңбектің қиыншылығын көріп қаншама жастардың білім алуына септігін тигізді.
Дене тәрбиесі факультетінің қалыптасуы мен дамуы бағытында аянбай еңбек етіп маман даярлауда сүбелі жұмыстар атқара білді.
Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
Құрманғазы Зәкірұлы СЕМБИЕВ,
«Болашақ» академиясының профессоры