«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Сағатова Гүлмира Қанатқызы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдер күніне орай ұйымдастырған «Ұстазға алғыс!» апталығы аясында өткен Министрлік қызметкерлерінің педагогтерімен кездесуіне барып, ұрпақ тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды.
Ұстаздың тәлімі шәкіртінің жетістіктерімен өлшенері белгілі. Осы апталық аясында бастауыш мектепте Сағатова Гүлмира Қанатқызынан білім алған Әбдікәрімова Әсемгүл Берлібекқызы, қазіргі уақытта ҚР Оқу-ағарту минситрлігінің қызметкері өзінің ұстазына деген құрметін білдірді. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», – деп ұлы Абай айтқандай, осы іс-шара ұстаздың өнегелі ісі кейінгі ұрпаққа жол көрсетіп, жарқын болашаққа бастау болатынның дәлелі.
Ұстаз – бұл білім беруші, тәрбиелеуші және жол көрсетер адам. Ол шәкірттерге оқуды, өмірлік тәжірибені және адамгершілік құндылықтарды үйретеді. Ұстаз – тек пән маманы ғана емес, сонымен қатар шәкірттердің жан-жақты дамуына қолдау көрсететін, олардың бойындағы жақсы қасиеттерді ашатын адам.
Қарлығаш НҰРЖАНОВА,
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»
Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,
педагогика ғылымдарының магистрі