Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2025 жылы 23 қазан сағат 15.00-де Теміртау мәдениет сарайында өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-7213) 93-92-05, 44-46-94 телефоны арқылы және akimat_temirtau@akimat09.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.
Ерік РЫМҒАЛИЕВ