Қарағанды облысында эколгияға мән беріліп түрлі акция өткізу жолға қойылған. Өңір бойынша экология департаментінің ақпаратынша 2025 жылғы 20 қыркүйекте «World Clean-up Day» (Дүниежүзілік тазалық күні) жыл сайынғы экологиялық акциясы өткізілді. Аймақтан 17 000-нан астам тұрғын экологиялық сенбілікке қатысқан. «Таза Қазақстан» және Дүниежүзілік тазалық күні акциялары аясында қалалар мен ауылдық елді мекендердің аумақтары тазартылып, шамамен 20 тонна қоқыс жиналды.
Сонымен қатар «Таза Қазақстан» және «Саябақтар шеруі» акциялары аясында «Таза аймақ» және «Киелі емен» атты шаралар өткізілді.
Сондай-ақ «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті: 3 бұлақ тазартылып, 400 адамға жуық тұрғын қатысты. Қалалар мен елді мекендер аумақтарында санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жалғасуда
Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасымен, қалалар мен елді мекендер аумағында көктемгі екі айлық санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары болды.
– Осы бұйрыққа сәйкес, 40 мыңнан астам адам, 875 ұйым мен кәсіпорын қатысты, 673 арнайы техника тартылды, 40 мың тонна қоқыс шығарылды, 5 000 гектар аумақ тазартылды, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-бабы бойынша 1 000-нан астам ескерту жасалды, – дейді Экология департаментінің басшысы Бегали Сапаралиев .
Жақында экология департаментінің инспекторлары «Қазақстандық қалдықтарды басқару операторы» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша арнайы қондырғыда шығатын газдарды тазалау жүйесі (күйдіру және күйені қыздырылған бумен бейтараптандыру камерасы) жоқ екні анықталды.
Сонымен қатар «Сары Қазына» ЖШС кәсіпорны «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Балқаш қаласынан Қоңырат ықшам ауданына қарай 8 шақырымда рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою бойынша сенбілік өткізді. Нәтижесінде 120 текше метрге жуық түрлі қалдықтар жиналып, полигонға шығарылды.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жоспары шеңберінде облыс бойынша қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жалпы сомасы 1 403 796,0 мың теңгеге 2817 контейнер сатып алуға және 356 контейнер алаңын жайластыруға өтінімдері қабылданды.
«Таза Қазақстан» чат-ботына жыл басынан бері «облыс тұрғындарынан 1 734 өтініш келіп түсті, 1 643-і орындалды.
Қазан айында Экология департаментінің мамандары «НТС-24 құрылыс басқармасы «ЖШС «Березняки» карьеріне қатысты профилактикалық бақылау жүргізді.
Тексеру нәтижесінде қоршаған ортаның бейорганикалық шаңмен антропогендік ластануы, мұнай өнімдерінің шамалы төгілуі, қалдықтарды орналастыру және жинақтау бойынша бірқатар бұзушылық, қауіпті қалдықтардың есебі жүргізілмейтіндігі анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтарды нақты мерзімдермен жою туралы нұсқама берілді.
Сонымен қатар, Департамент «Темір Трейд Компани» ЖШС субъектісін тексерді.
Тексеру барысында экологиялық заңнаманың бұзылуы анықталды.
Кәсіпорын аумағында белгіленбеген жерлерге әртүрлі қалдықтар орналастырылған. Қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер және оларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған алаңдар жоқ, бұл Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 320-бабының 3-тармағын бұзған.
Бұдан басқа, кәсіпорында қауіпті қалдықтарды есепке алу жүргізілмейді, есепке алу журналы жоқ.
2025 жылдың 9 айында Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті экологиялық заңнама талаптарының сақталуына 69 тексеру жүргізді.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша 138 бұзушылық анықталып, оларды жою туралы 129 нұсқама берілді.
Бұдан басқа, жалпы сомасы 80 857 967 теңгеге 102 әкімшілік айыппұл салынды.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ
