«Кітап AMANAT» жобасының жемісі

«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалында «Кітап AMANAT» партиялық жобасы аясында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара кітапханашы күніне орайластырылып, «Сарыарқа-сәулелі сөз», «Ұлы Дала» әдеби – шығармашылық байқауларының қорытындысын шығару рәсімін қамтыды.

Байқау өңірдің талантты авторларын анықтау үшін жарқын алаңға айналды. Оның басты мақсаты-қазіргі заманғы отандық әдебиетті дамыту, оқу мәдениетін насихаттау және жас ақындар мен жазушыларды қолдау.

Поэтикалық номинацияда қазылар алқасы үш жеңімпазды анықтады: 1 орын  Нұра ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы Данияр Алшынбаевқа табысталды.

Қазылар алқасы мен оқырмандарды баурап алған жанды және эмоционалды өлеңдер топтамасы үшін. Жеңімпаз 100 000 теңгеге сертификатпен марапатталды.

2 орынды  Ералы Ғани, Қарағанды Ұлттық Зерттеу университетінің филология факультетінің 4 курс студенті, «Абай мүсінімен сырласу» өлеңі үшін алды. Жеңімпазға 75 000 теңгелік сертификат берілді.

3 орын иегері болып Абай аудандық жастар ресурстық орталығының бухгалтері Мейрамбек Сағи  Жұмысшы мамандықтар жылына және қарапайым адамдардың еңбегін мадақтауға арналған жұмысы үшін танылды. Авторға 50 000 теңгелік сертификат берілді.

Филология ғылымдарының профессоры, ақын және журналист Қойлыбай Асан жеңімпаздарға бағалы ақшалай сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

«АМАНАТ» партиясының облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков былай деп атап өтті:

«Шығармашыл адамдарды қолдау – біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі». «Ұлы дала» байқауы рухани даму мен бірліктің символына айналды, қатысушылар мен көрермендерді жаңа жетістіктерге шабыттандырды».

– Мен өз өлеңімді жібердім. Бұл өзі өлеңнің тақырыбы да, ұйымдастырылуы да басқа мүшәйрадан ерекше екен. Өйткені бір адамға емес бұл жерде адамзаттықты, ерлікті, ар- намысты, жалпы адами құндылықтарды жырлаймыз. Мен бұл мүшәйраға «Абай мүсінімен сырласу»өлеңін жаздым. Яғни мен үшін не нәрсенің басы да Абайдан басталады, – дейді жас ақын Ералы Ғани.

Сонымен қатар  шараға жас ақын-жазушылармен бірге 2 жүзден астам кітапханашы қатысты. Оларға кітапханашылар күніне орай  «Amanat» партиясының алғысхаты табысталды.

Аймақта жалпы 50-ге тарта кітапхана жұмыс істейді. Мәдени орындардың өз оқырмандары бар. Бүгінде түрлі мәдени шаралар мен шығармашылық кештер осы кітапханаларда өтеді.

– Біздің әрбір өткізіп жатқан ісшарамыз оқырмандарға, оның ішінде жастарға жарқын болашақ көрсетеді деп ойлаймын. Өзімнің әріптестерімді осы төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын, – деді Ақтоғай ауданы Кежек ауылы ктапханасының кітапханашысы Жазира Күлпейісова.

Оқырмандар мен кітапханашыларға сонымен қатар жас ақындарға ерекше шабыт сыйлаған кешті ұйымдастырған  «AMANAT» партиясы Қарағанды облысы филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков :

«Кітап AMANAT» жобасы 3 жылдан бері жұмыс істеп  келеді. Яғни бұл «Кітап AMANAT» жобасының өңір-өңірде жүруіне, әрбір біздің сайлаушыларымызға жергілікті халыққа жетуіне бірден бір себепші осы біздің кітапханашыларымыз, – дейді.