Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас мамандары Сымбат Амангельдиева және Анна Вабищевич Әділет департаментінің мемлекеттік қызметшілері арасында профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, жұмыстан тыс уақытта өзін-өзі ұстау талаптары, қоғаммен және азаматтармен өзара қарым-қатынас жасау мәдениеті туралы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар берілді.
