МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

✅Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас мамандары Анна Вабищевич пен Бек Мальгаждаров мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндірме жұмыстарын өткізді.
✅Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебін нығайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыру болды.
✅Жиын барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, жұмыс уақытынан тыс уақытта өзін-өзі ұстау мәдениеті, сондай-ақ, құмар ойындарға қатыспау, Әдеп кодексінің талаптарын бұлжытпай орындау қажеттілігі атап өтілді.
✅Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, өз қызметтеріне пайдалы ақпараттармен танысты.