Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді.
Күн тәртібіне сәйкес 2025 жылдың 9 айындағы тәртіптік тәжірибені талдау қорытындысы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат енгізілді.
✅Сонымен қатар Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары мен Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі жұмыстың қорытындылары туралы баяндады.
✅Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдеп деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтардың және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша профилактикалық ұсынымдар берді.
