Қарағанды-Сұрыптау станциясы Көліктегі полиция басқармасында «Заң және тәртіп» күзетіндегі көлік объектілерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 2025 жылға арналған кешенді жоспарын орындау бойынша және ҚР ІІМ 2024-2026 жылдарда ұрлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру бойынша межведомствалық жиналыс өтті.
Аталған жиналысқа Қарағанды облысы әкімдігінің аппаратының қызметкерлері, инфроқұрылымның дамыту бөлімінің басшысы А.Б.Қуанышев, «Қарағанды магистральдік желісі» директорының орынбасары Н.Б. Нурмағамбетов, «ҚТЖ» ҰК» Жүк тасымалы ЖШС филиалы «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» директорының тасымалдау жөніндегі орынбасары Д.С.Сапиев, вагон депосының пайдалану бөлімі бастығы Р.Әбеузар, Қарағанды қаласының «Сары-Арқа» халықаралық әуежай өкілі Қ.Ж.Манарбек, әскерилендірілген теміржол күзетінің Қарағанды филиалының директорының м.а. Ж.Б.Маметкулов, өңіраралық жедел әрекет ыңғайлы тобы бастығы Қ.Ә.Төлеубаев арнайы шақырылды.
Жиынға қатысушылар 2025-2027 жылдарға арналған темір жол көлігі объектілеріндегі құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі жұмыстың жай-күйіне және Қазақстан Республикасының темір жолында мүліктің қауіпсіздігі мен сақталу деңгейін арттыру жөніндегі жол картасы тармақтарының орындалуына тоқталып, орындалған жұмыстың аралық нәтижелерін талқылады.
Қатысушылар тарапынан назарға алынатын ең ауқымды мәселелердің бірі ретінде халықтың темір жолда болуы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылып, «Қарағанды магистральдік желісінің» жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында Қарағанды станциясы бойынша дыбыстық сигналдарды орнату мен теміржол маңына жүзге жуық ескерту түріндегі арнайы белгілерін орнату жұмыстары жоспарланғандығы да айтылды.
Шара соңында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1233 қаулысымен бекітілген Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз ету тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, жиынға қатысушылар көлік объектілерінде теміржолдың жоғарғы құрылымының ұрлығының алдын алу бойынша бірлескен алдын алу іс-шараларын және көлік объектілерінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық шараларды жұмыс жоспарына сәйкес жүргізуге келісті.
Жансая СӘДУАҚАСОВА,
Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы
Көліктегі полиция басқармасы
ақпараттық саясат тобының инспекторы
