«МӘДЕНИ ЖАҢАЛЫҚТАР» САЙЫСЫ

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Көлік, логистика және инженерлік экономика факультетінің ЛОГ-25-2, ЛОГ-25-2с тобының студенттері арасында топ кураторы Қ.Қ.Нұржанованың ұйымдастыруымен «Толыққанды адам» білім беру курсының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 21 қарашасында «Мәдени жаңалықтар» тақырыбына сайысы өтті.

Сайыс мақсаты: мәдени құндылықтарды таныту, ұлттық болмысты дәріптеу және заманауи мәдени үрдістерді талдау.

Сайысының міндеттері:

  1. Білім алушылардың мәдениет саласындағы білімін кеңейту:Отандық және әлемдік мәдени жаңалықтармен таныстыру, мәдени үрдістерді түсінуге бағыттау.
  2. Ұлттық құндылықтарды насихаттау: қазақ халқының мәдени мұрасы, дәстүрі, өнері туралы білімді арттыру және жастар санасына ұлттық болмысты сіңіру.
  3. Шығармашылық ойлау мен креативтілікті дамыту: жаңашыл идеяларды ұсынуға, мәдени тақырыпты өзіндік қырынан көрсетуге мүмкіндік беру.
  4. Ақпаратты талдау және жүйелеу дағдыларын қалыптастыру: мәдени жаңалықтар туралы ақпаратты іздеп табу, сараптау, салыстыру және оны құрылымды түрде жеткізуге үйрету.
  5. Коммуникативтік қабілеттерді жетілдіру; Пікір айту, аудитория алдына шығып сөйлеу, өзінің көзқарасын дәлелдеу дағдыларын дамыту.
  6. Цифрлық сауаттылықты арттыру: презентация, бейнематериал, графикалық дизайн құралдарын тиімді пайдалану.
  7. Эстетикалық тәрбие беру: Өнер мен мәдениеттің адам өміріндегі орнын түсіндіру, эстетикалық талғамды қалыптастыру.
  8. Командалық жұмыс дағдыларын дамыту: бірлесіп жұмыс істеу, міндеттерді бөлісу, ортақ нәтижеге жету мәдениетін қалыптастыру.
  9. Мәдениет саласындағы ой-пікірін еркін жеткізуге жағдай жасау: жастардың мәдениетті бағалауға, зерттеуге және талқылауға белсенді қатысуына мүмкіндік беру.

Сайыс барысында:

І-аталым. «Рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау»:

Ұлттық мәдени мұраны, дәстүрді, өнерді кеңінен таныстырды;мәдениет саласындағы жаңа бағыттармен, жаңашыл жобалармен танысты;жастар арасында отандық өнерге қызығушылықты артты.

2-аталым. «Шығармашылық қабілетті дамыту»:

Іздену,ақпаратты саралау,жаңа формаларды қолдану,өз ойын көркем әрі жүйелі жеткізусияқты дағдыларды қалыптастырлды.

3-аталым. «Коммуникативтік дағдыларды жетілдіру»:

Шешен сөйлеуді,аудиториямен байланыс орнатуды,өз пікірін дәлелдеуді,сұрақтарға жауап берудіүйренді.

4-аталым. «Жаңалықтар арқылы әлемдік мәдениеттен хабардар болу»:

Театр, музыка, кино, әдебиет, сән саласы,музей мен галереялардағы жаңа көрмелер,әлемдік мәдени трендтертуралы кең түсінік берілді.

5-аталым. «Ұлттық және әлемдік мәдениетті байланыстыру»:

Қазақ мәдениеті мен әлемдік мәдениеттің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыруға,жаһандану жағдайында ұлттық болмысты сақтау жолдарын ұсынуғамүмкіндік берілді.

6-аталым. «Заманауи технологияларды меңгеруге ықпал етеді»:

Мультимедиялық бағдарламаларды қолдануды, визуалдық материалдар жасауды, ақпаратты графикалық тәсілмен жеткізуді үйренді.

«Мәдени жаңалықтар» тақырыбына өткен сайыс  – рухани мәдениетті дәріптейтін, жастардың шығармашылық, ғылыми, коммуникативтік және цифрлық қабілеттерін дамытатын маңызды білім беру іс-шарасы болды. Бұл сайыс жастарды мәдениетке жақындатты, әлемдік үрдістерге қызығушылығын арттырды, ұлттық өнерді құрметтеуге баулыды.

Айнұр КИШЕНОВА,

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»

Орыс тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы