Осыдан бір айдан астам уақыт бұрын Бахрейн елінің Манама қаласында жасөспірімдер арасында төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын ІІІ Азиялық ойындарында Ақадыр кентінің Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің Ақжал кентіндегі филиалының спортшысы Алтай Айша дзюдо күресінен барлық қарсыластарын жеңіп, чемпион атанған болатын.
Жақын арада Айша еліміздің Атырау қаласында кадеттер арасында дзюдо күресінен өткен республика чемпионатында тағы да алтыннан алқа тағып, болашағынан зор үміт күттіретін спортшымызға айналды.
Алтай Айшаны, оның жаттықтырушылары әкелі-балалы Манабаев Болат Хамитұлы және Манабаев Дастан Болатұлын, жалпы аудан мен кент тұрғындарын осынау үлкен жеңісімізбен құттықтай отыра, бұдан да биік белестерден көруімізді тілейік!
Қ.БЕКҚОЖИН,
Ақадыр кенті
