Қарағанды индустриялық университетінде «Smart Compliance: Заң және тәртіп» инновациялық орталығы ашылды. Орталық жасанды интеллект құралдары негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудың, алдын алудың және төмендетудің жоғары технологиялық жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Ашылу рәсіміне Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен және РОО «Жаңару» ұйымының құрметті төрағасы Оралбай Әбдікәрімов қатысып, салтанатты түрде лента кесілді.
Орталықтың ашылуы аясында «Заң және тәртіп: комплаенстегі жасанды интеллект» атты дөңгелек үстелінің отырысы өткізіліп, оған Департамент басшысы мен РОО «Жаңару» ұйымының мүшелері атсалысты.
Шара барысында заманауи AI-технологиялардың құқықтық тәртіпті нығайтудағы, корпоративтік және мемлекеттік комплаенс механизмдерін жетілдіру, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу тиімділігін арттырудағы рөлі талқыланды.
Сондай-ақ шара қатысушыларына университет студенттерімен AI-Compliance Bot цифрлық көмекшісі таныстырылып, сыбайлас тәуекелдерін анықтау мен шешу жолдары баяндалды.
