Президент тапсырмаларын және жүргізіліп жатқан салық реформасын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет салықтық әкімшілендіру жүйесін қайта жүктеуге кіріседі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салықтық әкімшілендіру «таза парақтан» жүргізіледі.Бұл шаралар барлық микро және шағын бизнес субъектілеріне оң әсерін тигізеді.
Нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды және ақпараттық жүйелердің дайындығын қамтамасыз ете отырып, бүкіл ұйымдастыру шараларын жедел түрде жүргізуді тапсырамын»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
